Urker
Текст

Арман

Urker

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
 Күнді көрсем бір өзіңді
Көргендей боп жаным қуанам
Арай жылы шапағынмен
Сезімге от бер деп сұранам
Тек сен үшін жалғанда
От боп жансам арман ба?
Ай хай арман ба
Көңіл сайранда
 
 
Армандарым қандай теңіздей ау
Толқытар саздарымен
Көңілім желеді-ау
Сағынғым келеді-ау
 
 
Мақпал түнде саған арнап
Айды алқа қылып тағамын
Жұлдыздарды жүзік жасап
Сезімге от шырақ жағамын
Тек өзіңе барғанда
Осы әнімді салғанда
Айхай салғанда
Көңіл сайранда