Мамырда майда, гүл кешкен айда
Гүл кешкен айда, болдың сен пайда.
Оралсаң ойға. От ойнар бойда
Жолыққан сәттер, жалғасты тойға.
Жаным деген сөзің қандай
Жүрегіме жазылғандай
Көзің қандай, сезім қандай.
Бір ғасырға, созылғандай.
Балалық әлгі, қол булғап қалды.
Көтерді туың махаббат мәнгі .
Мамырда майда, гүл кешкен айда
Гүл кешкен айда, болдың сен пайда.