Үкітай Ерниязов
Текст

Найзағай көніл

Үкітай Ерниязов

Оцените песню: Голос вверх 566 Голос вниз 24

96%
4%
Сезімнің қуат күшіне ердім
Өмірдің сынақ ісіне көндім
Аңсаумен талай шаршаулы едім
Ақыры сені түсімде көрдім
Ақыры сені түсімде көрдім
 
Жүруші едім сені айнала тұрып
Алды артыңды да болжамай тұнық
Қашаңғы бұлттай жабырқай берем
Жарқ етейінші найзағай болып
Жарқ етейінші найзағай болып
 
Шын айқайындай жаңғырғанымен
Бойымда алда алғыр талабым
Оғаулы қолмен озып шығармын
Шойын қақпалы тағдыр қамалын
Шойын қақпалы тағдыр қамалын
 
Жүруші едім сені айнала тұрып
Алды артыңды да болжамай тұнық
Қашаңғы бұлттай жабырқай берем
Жарқ етейінші найзағай болып
Жарқ етейінші найзағай болып
 
Ақ қуы болсаң шалқар көлімнің
Өзіңе үлкен артар сенімім
Жанартау жүрек жарыла жаздап
Дариядай тасып дархан көңілім
Дариядай тасып дархан көңілім
 
Жүруші едім сені айнала тұрып
Алды артыңды да болжамай тұнық
Қашаңғы бұлттай жабырқай берем
Жарқ етейінші найзағай болып
Жарқ етейінші найзағай болып