Үкітай Ерниязов
Текст

Белгісіз

Үкітай Ерниязов

Оцените песню: Голос вверх 14 Голос вниз

100%
0%
Өз жүрегім өз санама көнгісіз
Мен өзіңді сүйем адам сенгісіз
Әрдайымда болғым келед жаныңда
Бірақ қалай жолығарым белгісіз
 
Кездесу де келмей қойды ыңғайға
Алабұртып жолығатын күн қайда
Бірін бірі қалап тұрған қос көңіл
Өзгелердің қарсылығын тыңдай ма
Бірін бірі қалап тұрған қос көңіл
Өзгелердің қарсылығын тыңдай ма
 
Тағдыр жазып қосылғанда екеуміз
Осы күні қалай болар екенбіз
Кейде солай қиялдаймын ал шындық
Өмір бақи армандаумен өтерміз
 
Кездесу де келмей қойды ыңғайға
Алабұртып жолығатын күн қайда
Бірін бірі қалап тұрған қос көңіл
Өзгелердің қарсылығын тыңдай ма
Бірін бірі қалап тұрған қос көңіл
Өзгелердің қарсылығын тыңдай ма
 
Пенделерге тағдыр басын иіп пе
Талай жандар жүрген шығар күйіп те
Арман болып бірімізге біріміз
Қалғанымыз жөн болады ау биікте
 
Кездесу де келмей қойды ыңғайға
Алабұртып жолығатын күн қайда
Бірін бірі қалап тұрған қос көңіл
Өзгелердің қарсылығын тыңдай ма
 
Кездесу де келмей қойды ыңғайға
Алабұртып жолығатын күн қайда
Бірін бірі қалап тұрған қос көңіл
Өзгелердің қарсылығын тыңдай ма
 
Кездесу де келмей қойды ыңғайға
Алабұртып жолығатын күн қайда
Бірін бірі қалап тұрған қос көңіл
Өзгелердің қарсылығын тыңдай ма
Бірін бірі қалап тұрған қос көңіл
Өзгелердің қарсылығын тыңдай ма
 
Кездесу де келмей қойды ыңғайға