Текст

Жүрегің қазақ, сенесің бе

Төреғали Төреәлі

Оцените песню:

2.53MB 3:41 96 кбит/с
Жүрегің қазақ сенесің бе?
Халқыңның қамы үшін
Аянба арысым
Ақ болсын, пәк болсын кіршіксіз намысың
Себебі сен қайсар қазақтың
Арысың, жанысың, бағысың, барысың
 
Жүрегің қазақ сенесің бе?
Өткенге үңілме
Тәубе де бүгінге
Жақсы атқа, мақсатқа жетесің түбінде
Баянды бақытың өзіңнің
Тіліңде, үніңде, дініңде, діліңде
 
Қаның да қазақ, жаның да қазақ,
Ұлтыңның күресші бағы үшін.
Арында қазақ, жалында қазақ
Бар әлем танысын.
 
Жүрегің қазақ, сенесің бе?
Бірігіп Ту үшін,
Бөлінбе ру үшін.
Бар қазақ бауырың, әр қазақ туысың.
Сен де бір тірегі ұлтымның
Ұлысың, гүлісің, жырысың, сырысың.
 
Жүрегің қазақ, сенесің бе?
Қазағым жеріңде,
Бір қарыс шегінбе.
Отаным менің де,
Отаның сенің де.
Қазағым, тек қана сенікі
Жерің де, кенің де, көлің де, шөлің де.
 
Қайырмасы:
Қаның да қазақ, жаның да қазақ,
Ұлтыңның күресші бағы үшін.
Арында қазақ, жалында қазақ
Бар әлем танысын