Жүрегің сонша жалынсыз ба айнам?
Тұнжырап келдің тағы үнсіз қайдан.
Жеңісі бақыт жеңіліс қайғы,
Махаббат деген қарусыз майдан.
Түймедей баққа таңырқай берме,
Инедей мұңды найзадай көріп.
Жауатын бұлттай жабырқай берме,
Жарқ ете қалшы найзағай болып.
Жалғанның жауқар лағынын сұрап,
Азапқа жүрсің бәрібір шыдап,
Махаббат майдан, жүрек жауынгер,
Жауынгерді көр тағы бір сыңап.
Түймедей баққа таңырқай берме.
Инедей мұңды найзадай көріп.
Жауатын бұлттай жабырқай берме.
Жарқ ете қалшы найзағай болып.