Төреғали Төреәлі
Текст

Жүрегіме теңеймін

Төреғали Төреәлі

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз

100%
0%
Жігіт айтар сөздер көп
Аққудайсын, гүлдейсін
Ал сен менің ішімде
Не сыр барын білмейсін
Құсқа теңеп қайтемін
Ұшып кетіп қалатын
Гүлге теңеп қайтемін
Үзілетін, солатын
 
 
[Қайырмасы]
Бір теңесем мен сені
Жүрегіме теңеймін
Сол жүректі кеудемнің
Бесігіне бөлеймін
Болсамдағы дос күннен
Бөліспейтін ешкіммен
Жүрегімсін сен менің
Одан басқа не деймін
Жүрегіме теңеймін
 
 
Теңемеймін алтынға
Ойламасын ел бөтен
Алтын деген шашыннан
Бір талына тең бе екен
Бар ғұмырым өткенше
Мәңгі ұйықтап кеткенше
Жүрегімдей аялап
Осы әніммен тербетем
 
 
[Қайырмасы]
Бір теңесем мен сені
Жүрегіме теңеймін
Сол жүректі кеудемнің
Бесігіне бөлеймін
Болсамдағы дос күннен
Бөліспейтін ешкіммен
Жүрегімсін сен менің
Одан басқа не деймін
Жүрегіме теңеймін
 
 
[Қайырмасы]
Бір теңесем мен сені
Жүрегіме теңеймін
Сол жүректі кеудемнің
Бесігіне бөлеймін
Болсамдағы дос күннен
Бөліспейтін ешкіммен
Жүрегімсін сен менің
Одан басқа не деймін
Жүрегіме теңеймін