Төреғали Төреәлі
Текст

Тағы да сүй

Төреғали Төреәлі

Оцените песню: Голос вверх 13 Голос вниз

100%
0%
Жалғыз көшемде
Жүрмін десең де
Өкпелесең де
Тағы да сүй
 
Ұмытып өкпе мұңды
Еске алып өткенімді
Тағы да сүй мені
Өткізбей текке өмірді
 
Тағы да сүй, тағы сүй мені
Үкілім-ау үйдегі
Саған деген сағыныш
Бойымды биледі
Тағы да сүй, тағы сүй жаным
Жүрегіңнің мейманын
Бақ қонар-ау менсіз де
Баяны беймәлім
 
Жүрегің едім
Жібегім едің
Сүйемін дедің
Ендеше сүй
 
Бастадым бүгін бір ән
Жаныңда жылынды жан
Тағы да сүй мені
Қатты сүй бұрынғыдан
 
Тағы да сүй, тағы сүй мені
Үкілім-ау үйдегі
Саған деген сағыныш
Бойымды биледі
Тағы да сүй, тағы сүй жаным
Жүрегіңнің мейманын
Бақ қонар-ау менсіз де
Баяны беймәлім
 
Тағы да сүй, тағы сүй мені
Үкілім-ау үйдегі
Саған деген сағыныш
Бойымды биледі
Тағы да сүй, тағы сүй жаным
Жүрегіңнің мейманын
Бақ қонар-ау менсіз де
Баяны беймәлім