Төреғали Төреәлі
Текст

Сағыныш

Төреғали Төреәлі

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Ақсұңқар құстай кеш түлеп,
Соңырақ ұшты өлеңім.
Сағыныш деген — ескі дерт,
Табысу болар емі оның.
 
Уайым деген тағы бар,
Қауышу деп біл дауасын.
Саз қылып, әнге салып ал
Самалды түннің ауасын.
 
 
[Қайырмасы]
Телміріп, жаның жабықты,
Таусылды білем тағатың.
Терезең алды жарық-ты,
Жарықтан әрі қара түн.
 
Қап-қара түннің қойнында
Қап-қара шашың төгіліп,
Шегіне жетпей ойдың да,
Шетсіз бір мұңға беріліп;
 
Шемен мен шерді ақтарып,
Шешіліп бәрін жаз маған.
Бақытым жансын хатты алып,
Балауыз шамдай маздаған.
 
Қарашы, айнам, қарашы,
Күтпеген сезім, тосын ой:
Жарық пен түнек арасы
Жарты кез деген осы ғой. -