Мазаламайын,
Мазаламашы.
Тып-тыныш өмір сүрейік.
Сен мені мүлде жазаламашы,
Түк болмағандай жүрейік.
қайырмасы:
Сағындырмайын,
Сағындырмашы.
Жаныма тыным бер менің.
Ессіз сезімге бағындырмашы,
Болмайын сенің ермегің.
Күттірмейінші,
Күттірме мені.
Кездесуге де шақырма.
Бір бақыт ұзақ күттірген еді,
Сен олай етпе, мақұл ма.
Ғашық етпейін,
Ғашық етпеші.
Жігерді құмдай езбеші.
Жанымды менің жасын етпеші,
Қайғы мұңымды сезбеші.
қайырмасы:
Сағындырмайын,
Сағындырмашы.
Жаныма тыным бер менің.
Ессіз сезімге бағындырмашы,
Болмайын сенің ермегің.
Күттірмейінші,
Күттірме мені.
Кездесуге де шақырма.
Бір бақыт ұзақ күттірген еді,
Сен олай етпе, мақұл ма.
Осының бәрін теріс дейікші.
Бұл менің қатал жарлығым.
Осы айтқандарға келіспейікші,
Кері істейікші барлығын…
қайырмасы:
Сағындырмайын,
Сағындырмашы.
Жаныма тыным бер менің.
Ессіз сезімге бағындырмашы,
Болмайын сенің ермегің.
Күттірмейінші,
Күттірме мені.
Кездесуге де шақырма.
Бір бақыт ұзақ күттірген еді,
Сен олай етпе, мақұл ма. -