Төреғали Төреәлі
Текст

Қазақ жастары

Төреғали Төреәлі

Оцените песню: Голос вверх 181 Голос вниз 7

96%
4%
Бір кемеде келеміз, бірге жүзіп,
Көргеніміз күнде той, күнде қызық.
Сұлу қыздар бар бізде, жігіттерде бар,
Теуіп кетсе темірді, жүрген үзіп.
 
Қайырмасы:
Қазақ жастары, қия баспады,
Алға бастады, көзімді ашқалы.
Көзді жұмдағы, биле тұрдағы,
Қазақ халқының қыздары, ұлдары.
 
 
 
Арқа қағып ағалар әнім дейді,
Сәлем берем женгелер күлімдейді.
Абыз кеуде қарттардың батасын алып, 
Біздің нардай жігіттер сүрінбейді.
 
Қайырмасы:
Қазақ жастары, қия баспады,
Алға бастады, көзімді ашқалы.
Көзді жұмдағы, биле тұрдағы,
Қазақ халқынын қыздары, ұлдары.
 
Қыздары бар дәстүрден жанылмайтын,
Көлге жүзген аққудай мамырлайтын.
Бірімізді біріміз батырым дейік,
Біз біріксек қамал жоқ алынбайтын.
 
Қайырмасы:
Қазақ жастары, қия баспады,
Алға бастады, көзімді ашқалы.
Көзді жұмдағы, биле тұрдағы,
Қазақ халқының қыздары, ұлдары.