18 мың ғалам, жетті миллиард адам
Дос көрінер саған 18
Таңды-таңға жалғап, шартарапты шарлап
Келді-кетті маған 18
Сессияға бармай, үйіме де қонбай
Басылмайтын жалын 18
Селт еткенде сезім, сезімімді көзім
Жасырмайтын шағым 18
[Қайырмасы]
Сәйгүліктей бабыңда, тулап тұрғой қаныңда
Ойна биле жастарым, жарасыңды шағыңда
Келбетіңде көркем 18
Жан-достарың жаныңда, жанған оттай жалында
Ойна биле жастарым, оралыңның барында
Өтіп кетет ертең 18
Ойна, ойна жасың 18
Жетемін деп айға, жайдақ мініп тайға
Қамшылайтын жасың 18
Қызды құлай сүйіп, қызғаныштан күйіп
Тамшылайтын жасың 18
Қайық езген желдей, гүлге тыным бермей
Өтесің-ау әттең 18
Талайларға арман, альбомында қалған
Ең қызықты сәттер 18 -