Төреғали Төреәлі
Текст

Қара торы қыз

Төреғали Төреәлі

Оцените песню: Голос вверх 13 Голос вниз 1

93%
7%
Сені көрмесем мен жүдеймін,
Мені көрмесең ренжімеймін.
Жүрегі әппақ қара қызға,
Қарасаң болды елжіреймін.
 
Ақ гүлім менің өзің дер ем,
"Аққуым" дедім сезімменен.
"Қара қыз" десе сені біреу,
Қарасын менің көзімменен.
 
 
[Қайырмасы]
Қара торы қыз қара маған,
Жаралаған жанымды.
Қара торы қыз жұмбақ едің,
Тыңда менің әнімді.
 
Өмірдің отпен-ауасын,
Бақпен-аласын,
Ақпен-қарасын
Бір кешіп тапсақ жарасын,
Үзбей арасын, бақыт табасың.
 
 
[Қайырмасы]
Қара торы қыз қара маған,
Жаралаған жанымды.
Қара торы қыз жұмбақ едің,
Тыңда менің әнімді.
 
 
Сені көрмесем мен жүдеймін,
Мені көрмесең ренжімеймін.
Жүрегі әппақ қара қызға,
Қарасаң болды елжіреймін.
 
 
[Қайырмасы]
Қара торы қыз қара маған,
Жаралаған жанымды.
Қара торы қыз жұмбақ едің,
Тыңда менің әнімді. -