Таппасамда өмір тұрлауын
Әнге қосып сені жырладым
Айлы түнде берген сертіңде
Айтшы сәулем неге тұрмадың
Неге тұрмадың
Жалған десе жалған ғұмыр-ай
Жанарымда қалдың тұрып-ай
Жақын тұрсаң бейнең көрінер
Жанарыңнын мөлдір тұнығы-ай
Мөлдір тұнығы-ай
Қара жолда тұнып іздерің
Түн пердесін түріп іздедің
Мың күнімді мұңға батырып
Бір күнімен үміт үзбедің
Үміт үзбедің
Жалған десе жалған ғұмыр-ай
Жанарымда қалдың тұрып-ай
Жақын тұрсаң бейнең көрінер
Жанарыңнын мөлдір тұнығы-ай
Мөлдір тұнығы-ай
Жадыраған жазда ме екенсің
Еркелеген назда ме екенсің
Қайда екенсің қара көзайым
Әлде сырлы сазда ме екенсің
Қайда екенсің
Жалған десе жалған ғұмыр-ай
Жанарымда қалдың тұрып-ай
Жақын тұрсаң бейнең көрінер
Жанарыңнын мөлдір тұнығы-ай
Мөлдір тұнығы-ай
Жақын тұрсаң бейнең көрінер
Жанарыңнын мөлдір тұнығы-ай
Аааай, мөлдір тұнығы-ай