Бір қараған жанарыңның өзі неге тең,
Күн нұрындай төгіледі екен.
Сыңарына ғашық болсаң егіз қыздардың
Біреуі артық көрінеді екен.
Елігім-ау егізіңмен теңесең мені,
Жүрегіңнің төріне жетем.
Бірге туып, бірге жүрген сендер түгілі,
Қара тас та бөлінеді екен.
Екеу боп келген бес күнге,
Егіздің сыңары.
Ұқсамайсың-ау ешкімге,
Егіздің сыңары.
Сен болмасаң уық сынып, кереге құлар,
Арамыздың шегелері бар.
Қосылмаған Қозы-Баян, Жібек-Төлеген,
Ешкім емес өнеге қылар.
Бұл әлемде әр Қозының өз Баяны бар,
Әр Жібектің Төлегені бар.
Саған менсіз, маған сенсіз өмір жоқ жаным,
Басқа сөздің не керегі бар?! -