Төреғали Төреәлі
Текст

Біздер бақыттылармыз

Төреғали Төреәлі

Оцените песню: Голос вверх 34 Голос вниз 1

97%
3%
Мен едім ғашық болған,
Сен едің жасып қалған,
Күрсіне бермей күлсеңші!
Сері Жамбылдай жанбыз,
Мені қалдырмай жалғыз,
Жанымда жаным, жүрсеңші!
 
Бізді бақыт іздеп жүр ме?
Өткізбейміз біздер мүлде,
Жаным, уақытты жалғыз!
Қос аққудай айырылмайтын,
Бір - бірі үшін уайымдайтын,
Біздер бақыттылармыз!
 
[Қайырмасы:]
Тағы, тағы, тағы, тағы, тағы, тағы, тағы да,
 
Жаным, біз бақ табайық,
Бақытқа аттанайық,
Сонда да сақ болайық, Ай - ай, ай - ай -ай!
 
Сенсің асыл адалым,
Менмін ғашық адамың,
Келші қасыма, жаным, Ай - ай, ай - Ай - ай!
 
Жалғанда жолым болса,
Арманым орындалса,
Болмайтын еді арманым!
Жүрем жанғанша бағым,
Алла жар болса, жаным,
Боласың менің жан-жарым!
 
Күңіренсе бұлт, ай, күнім,
Жүрекпенен шырқайтұғын,
Жаным, едің ғой əнім!
Өзің барсың жүрегімде,
Баяны жоқ бұл өмірде,
Сенсің менің Баяным!
 
[Қайырмасы:]
Тағы, тағы, тағы, тағы, тағы, тағы, тағы да,
 
Жаным, біз бақ табайық,
Бақытқа аттанайық,
Сонда да сақ болайық, Ай - ай, ай - ай - ай!
 
Сенсің асыл адалым,
Менмін ғашық адамың,
Келші қасыма, жаным, Ай - ай, ай - ай - ай! -