Естілді дүбір алыстан
Көрінді аттар жарысқан
Шабыт алып жабыстан
Ауыздығымен алысқан
Шабандоздар да келеді
Жалға жатып жабысқан
Тақымда түрлі тұлпардың
Тізгінге қолы қарысқан
Бірін бірі бағысқан
Үзеңгілерін қағысқан
Жаңғырып жаны намыстан
Жан күйерімен қауышқан
Арғымақ атқа мін бар ма
Айналма жолды тауысқан
Қуанған қалың жұрт
Қуат алсың тұлпарлар
Айхайлаған дауыстан
Айдей айда айда айда бала
Айда бала атыңды
Даурығып дауысы даладан
Қалың ел көзің қадаған
Әр өткен сайын аламан
Кеудеден шері тараған
Торбес кетті топ бастап
Бүрең ат кетті көсіліп
Сабыр кетпей санадан
Құлан мен жирен барады
Топырақ шашып тағыдын
Кекілін желге сүйдіріп
Кер атта шықты сағадан
Маңдайын күнге күйдіріп
Көкшұбар көзің қадаған
Құйрығын жалын түйдіріп
Қаракер кетті құлпырып
Жануар жасы жараған
Айдей айда айда айда бала
Айда бала атыңды -