Төреғали Төреәлі
Текст

Баянсыз махаббат

Төреғали Төреәлі

Оцените песню: Голос вверх 168 Голос вниз 4

98%
2%
Лезде сүйіп қаламыз
Тез ұмыта саламыз
Махаббатты неге біз
Арзандатып барамыз
 
Жанған отты жүректе
Сөндіретін бір өкпе
Кейде сезім ұқсайды
Суға салған суретке
 
Сүйемін деп сөз берер
Ертең бірақ өзгерер
Махаббаттың баянсыз
Әні неге
 
Өзгергенмен көз көрер
Өкінетін кез келер
Ал өкініш аяусыз
Бәріне де
 
Бақыт деген дарашың
Іздесең жол табасың
Айыра біл сүюмен
Қызығудың арасын
 
Сезім гүлін солдырма
Қолда барды қор қылма
Кешірші деп айта біл
Қош бол деудің орнына
 
Сүйемін деп сөз берер
Ертең бірақ өзгерер
Махаббаттың баянсыз
Әні неге
 
Өзгергенмен көз көрер
Өкінетін кез келер
Ал өкініш аяусыз
Бәріне де
 
Сүйемін деп сөз берер
Ертең бірақ өзгерер
Махаббаттың баянсыз
Әні неге
 
Өзгергенмен көз көрер
Өкінетін кез келер
Ал өкініш аяусыз
Бәріне де