Аяулы өнерім бабадан қалған
Сан өнер сенің садаған болған
Аламан шапқан ас пенен тойда
Тек қазақ ғана томағанды алған
Мөлдірсің көздің тамшы жасындай
Алғырсын түздің қаршығасындай
Ақиқат жырдың алды аспанысын
Жағымпаздықтың контрасындай
Жағымпаздықтың контрасындай
Көк нөсер сел болып, құйылып толқыса
Жырламайтұғын жүйрік болмаса
Айтысты айтыс демейді қазақ
Бір іліп қалмаса, суырып салмаса
Алқалы туда арқа қысатын
Өлеңмен өлең арпалысатын
Қасқынынң жырдың ақтарылғанда
Бір парақ сөздің қалпағы ұшатын
Қазақта барсын қазақта қалсын
Қазақ тәрбиелеп қазақ таралсын
Өзінің сөзің өзіңе айтсаң
Өз болған жұртым ләззатқа қансын
Көк нөсер сел болып толқыса
Жырламайды ақын жүйрік болмаса
Айтысты айтыс демейді қазақ
Біріліп қалмаса суырып салмаса
Сен қазына сен байлық мұрасын
Ғасырлармен жаңарған әсем
Әрбір үйдің төрінде тұрасын
Қазақ болып жаралғалы сен