Бір кездері асаумын
Бір кездері босаңмын
Жаса дейтін ел барда
Жасарымды жасармын
Жастығымды еске алып
Жанарыма жас алдым
Кешірші бала шағым
Еліме қосылсам жанұядаймын
Ел болса көл-көсір дариядаймын
Әнімнің көлінде тербелгенше
Мен қайтып кетемін мен келгенше
Антракт жариялаймын.
Бірде умын шекермін
Өз елім деп өтермін
Тарам-тарам тарихта
Атым қалып кетермін
Алла жазса аңсаған
Арманыма жетермін
Күте ғой болашағым
Еліме қосылсам жанұядаймын
Ел болса көл-көсір дариядаймын
Әнімнің көлінде тербелгенше
Мен қайтып кетемін мен келгенше
Антракт жариялаймын.