Төреғали Төреәлі, Мөлдір Әуелбекова
Текст

Сен болмасаң

Төреғали Төреәлі, Мөлдір Әуелбекова

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз

100%
0%
Сен болмасаң бұл жалған
Күнде уайым, күнде арман
Айналайын, гүлім бол
Жүрегімді бір жарған
 
Сен болмасаң серігім
Аялайды мені кім
Ертелі кеш сен жаққа
Елеңдейді көңілім
 
Сен болмасаң тірегім
Кімге жылап күлемін
Жүрегімде тілегім
Алақанда жүрегім
 
Сенсіз мынау жалғанда
Өтер ме едім арманда
Елжірейсің, балқисың
Мен әніме салғанда
 
Сен арқылы жарығым
Бақытымды таныдым
Екеумізге бір ғұмыр
Бере көрші Таңірім
 
Сен болмасаң тірегім
Кімге жылап күлемін
Жүрегімде тілегім
Алақанда жүрегім
 
Сен болмасаң аяулым
Кімге құшақ жаярмын
Сағынышты сазыңмен
Жүрегімнен жай алдың
 
Сен болмасаң жанымда
Жайқалмайды бағым да
Менің ғазиз тағдырым
Сенің ғана қолыңда