Қайран күндер кешегi
Сайран күндер кешегi
Көрген түстей көңiлден
Қалайша көшедi
Бақытымы балаған
Жар ылайық санаған
Жан серiгiм жалғанда
Сен едiң қалаған
Қайырмасы:
Қия алмадым, қимадым
Қинадың-ау, қинадың
Гүл орнына қайтейiн
Саған мен мұң сыйладым
Қарай бердiң қиыла-ай
Қоштасудың қиыны-ай
Саған ғана жан сырым
Айтушы едiм, бал-шырын
Бiрге кешкен күндер-ай
Мөп-мөлдiр таң-шығы
Шығар ма екен бәрi естен
Жылап жатыр жүрегiм
Нәп-нәзiк нәрестем
Қайырмасы.
Ұя салған таңдайға
Бiз айтатын ән қайда?
Амал бар ма тағдырға
Жазылған маңдайға
Ақ тiлеулi арманға
Сенен асқан жан бар ма?
Жаралайды жанымды
Көзден жас тамғанда