Жұмбақ-ай,
Өмір шешілмеген жұбақ-ай,
Өмір ашылмаған сырлар-ай.
Ашып шешеді оны, кім қалай?
Жылдар-ай,
Айлар, жылдардан да, жылдам-ай,
Күннен озып жатыр күн қалай?
Неге бірін олай?
Қ-СЫ
Өткенің артта қала берсін,
Өкпе, мұң мейлі нала болсын.
Ұмытылады шын бәрі де бәрі.
Ертеңің ертегі ала келсін,
Ақ жолда, бастап бара берсін.
Атар әлі күт, бақыттың таңы,
Бәрі де уақыт заңы.
Шыңдар-ай,
Өмір алынбаған шыңдар-ай.
Өмір қалыңдаған мұңдар-ай,
Асып өтеді оны, кім қалай?
Күндер-ай,
Өмір кімге қиын, кімге оңай.
Өмір кетер қолын бұлғамай,
Неге олай? Олай?
Қ-СЫ
Өткенің артта қала берсін,
Өкпе, мұң мейлі нала болсын.
Ұмытылады шын бәрі де бәрі.
Ертеңің ертегі ала келсін,
Ақ жолда, бастап бара берсін.
Атар әлі күт, бақыттың таңы,
Бәрі де уақыт заңы.