Арай төккен күнімсің
Үлбірек нәзік гүлімсің
Асылым менің
Ғасырым менің
Ғашығым менің
Өшпейтін мәңгі жырымсың
Жылытқан жанды нұрымсың
Жақұтым менің уақытым менің
Бақытым менің
Аялап өтем ақ таңым алақанымда
Құлпырған көктем нұрлым
Аялап сүйіп өткенім
Ардағым менің арманым менің
Жан жарым менің
Бақытым болып тек менің
Жадырап бірге көктемім
Орманым менің қорғаным менің
Ән баығым менің
Бақыт берген ризамын Жаратқанға