Тоқтар мен Бейбіт
Текст

Туған ел

Тоқтар мен Бейбіт

Оцените песню: Голос вверх 128 Голос вниз 14

90%
10%
Өзені көлі таулары
Көк майса шалғын баулары
Жанымды менің тербеді
Ей баурады,
Әз-бабам қонып жайлаған
Тарихтың ізі сайраған
Анамдай төккен мейірін
Гүл жайнаған бұл айналам
 
Бұл менің елім мекенім
Әрдайым мақтан етемін
Көгілдір ашық аспан
Қойғандай жазып дастан
Бұл менің алтын бесігім
Туған жер жұмақ мекенім
 
Төгілген көктем шуағы
Бойыма жігер құяды
Бұл өлке жердің жұмағы
Ей жұмағы,
Қазақтың дархан даласы
Сан ұлттың болған панасы
Бірліктің туын көтерген
Бар баласы,кел қарашы
 
Бұл менің елім мекенім
Әрдайым мақтан етемін
Көгілдір ашық аспан
Қойғандай жазып дастан
Бұл менің алтын бесігім
Туған жер жұмақ мекенім