Теміржан Асқар
Текст

Сенің күлкің

Теміржан Асқар

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Сенің исің бар керемет иссулары әлемнің
Сенің шашың қара орманы, толқындары әлемнің
Сенің күлкің аспандағы ай мен күннің сәулесі
Сенесің бе оған жаным өзім ғана дәлелмін
Ал ашуың найзағайы күңіренген аспанның,
Кірпіктерің жапырағы кең жайқалған жас талдың.
Мына сенің тамсандырар ақ жүзіңді
Сұлулық пен құдіретпен ашқан кім
Жанарыңнан жадыраған қуанышты көремін
Мына мені баурап алған әп-Әдемі реңің
Еріндерің жарасымды әп-Әдемі жүзіңе
Сол жүзіңді ұмытпайды менің нәзік жүрегім
Сол бір кезде бір көрдімде ұнаттым
Білесің бе сенің көзін мөлдір суы бұлақтың
Ал сөздерінің кәусар суы жұмақтың
Сүйем сені ,сүйем сені шын сөзім бұл
Түндерде күнде құшақ-құшақ гүлдерді сыйлаймын
Сөйлестім қазір өзіңнің Жази құрбыңмен
Тек сен жайлы әңгіме айтып тұрдым мен
Не деген көркем ғажап қыз едиң арайлы
Сұлулығын тамсандырар талайды
Кеудемде мына орналасқан жүрегім
Өзіңді ғана,өзіңді ғана қалайды
Армандарым көп алыстан қолын бұлғаған
Аяулым күнім Ұйқымды түнде ұрлаған
"Асиям" өзің басқаға көңіл бұрғызтпай
Асия менің жүрек жырымды таңдаған

Другие песни от Теміржан Асқар