Жұлдыздарға қараймын
Өзіңмен өтсе талай күн.
Қасымда менің болсаң сен
Әрдайым арман-арайлым
Жәудіреп менің жанарым,
Қиылып саған қарадым.
Өзіңді көріп тұрсамда,
Сағынып сені барамын.
Қайырмасы: х2
Сұрадым сені күннен де,
Сұрадым сен гүлден де.
Сұрайдым айдан, жұлдыздан
Сұрадым мақпал түннен де.
Жұлдызым жайнап аспанда,
Жымылдап сәуле шашқанда.
Жанымда болсаң жарқыным,
Бақытым құшақ ашқанда.
Толған ай қандай қарашы,
Жұлдыздарды санашы.
Аңсарым, жүрек қалауым,
Бағыңа мені баулашы.
Қайырмасы: х2