Өзіңмен бір жүрген аңсаймын өткенді
Сыңғырлап сырлы үнмен нұр жауған көктемді
Есімде сол күндер сезімге балқыған
Көгеріп толқын бел көңілім шалқыған.
Қайырмасы:
Саған деген сағынышым басылмас ғашығымсың.
Жүрек тулап жанып өшіп теңіздей тасыдым шын
Менің ғана бағым үшін жаралған асылымсың.
Қос жүрек шын ғашық қол ұстап қырларда
Айтушы едік сырларды таңшолпан туғанда
Тұрдың сол түнде сен көзіңде мұң тұнып
Қызғалдақ гүлді əсем құшаққа толтырып.
Қайырмасы:
Саған деген сағынышым басылмас ғашығымсың.
Жүрек тулап жанып өшіп теңіздей тасыдым шын
Менің ғана бағым үшін жаралған асылымсың.