Ажарыңа сенің тамсана қарап
Сұлулықты сездім барша ғаламат
Қыз жүрегін кейде алсаң жаралап
Айтады екен жасырмай сырын
Екі жүрек бірге соқса білінбей
Ұялады сезім патша көңілге
Сынақтардан екеу өтсе жеңілмей
Бақыт деген осындай күнім
Қайырмасы
Сағыныштан мүлде күйіп барам дейсің
Алып ұшқан күйде сүйіп қалам дейсің
Сенің орның сірә биік маған дейсің
Сенейінбе сөзіңе бірақ?!
Үйленеміз бірақ қазір емес дейсің
Бұл шынайы сезім назым емес дейсің
Айтқанымның бәрі әзіл емес дейсің
Сенейінші сөзіңе!!!
Тағдырымыз егіз нәзік пендемен
Айтып берем саған кезіккенде өлең
Ешбір жаннан мүлде сезіп көрмеген
Ұшқын көрем көзіңнен жаңа
Сырларым көп менің саған ақтарар
Өз бақытын жүрек бағалап қалар
Кең дүние маған ғаламат болар
Енді жаным өзіңмен ғана!
Қайырмасы
Сағыныштан мүлде күйіп барам дейсің
Алып ұшқан күйде сүйіп қалам дейсің
Сенің орның сірә биік маған дейсің
Сенейінбе сөзіңе бірақ?!
Үйленеміз бірақ қазір емес дейсің
Бұл шынайы сезім назым емес дейсің
Айтқанымның бәрі әзіл емес дейсің
Сенейінші сөзіңе!!!