Мазалап жүрген ылғи жанымды
Сен деген едім
Жүрекке тәтті мұң құйғанымды
Сен деген едім
Ашады деуші ем бір күй бағымды
Сен деген едім
Көремін деп ем күн дидарыңды
Келмеген едің
Бағынба жүрек бағынба
Өртенші мейлі жалында
Болатын шығар жалғанда
Махаббат үшін жануға
Төбемнен жаңбыр тамшылағанда
Сен деген едім
Кедергілерге жан шыдағанда
Сен деген едім
Сезімнен жеріп самсырағанда
Сен деген едім
Сүйіктім болып қалшы ғаламда
Сен керек едің
Бағынба жүрек бағынба
Өртенші мейлі жалында
Болатын шығар жалғанда
Махаббат үшін жануға
Бағынба жүрек бағынба
Өртенші мейлі жалында
Болатын шығар жалғанда
Махаббат үшін жануға
Бағынба жүрек бағынба
Өртенші мейлі жалында
Болатын шығар жалғанда
Махаббат үшін жануға