Жанымау жадыңда ма
Көктемгі сол бір жауын
Тіледік таң алдында
Біз оның тоқтамауын
Сен кеттің сол көктемде
Оранып тұманыңа
Неліктен өкпеледің
Тіл қатпай сұрағыма
Енді ол кез оралар ма
Құя ма нөсер еңді
Ақ тұман аралауда
Біз жүрген көшелерді
Ақ тұман аралауда
Біз жүрген көшелерді
Сен биыл келер деген
Сезімді тосадың ба
Бейнеңді күлімдеген
Гүл толы құшағыңда
Бір ызғар сезіледі
Бұлттардың қабағыннан
Тамшылар үзіледі
Көктемнің жанарынан
Енді ол кез оралар ма
Құя ма нөсер еңді
Ақ тұман аралауда
Біз жүрген көшелерді
Ақ тұман аралауда
Біз жүрген көшелерді