Саят Медеуов
Текст

Көкшолақ

Саят Медеуов

Оцените песню: Голос вверх 166 Голос вниз 23

88%
12%
1. Мінгенім астымдағы көкшолақ-ты,
Жалы жоқ, құйрығы жоқ, шоп-шолақ-ты.
Ей, қыздар, қойшысынбай өлеңіңді айт,
Тұсыңа біздей құрбың келіп қапты.
 
Қ-сы:
Олай жүрші, көкшолақ,
Былай жүрші көкшолақ.
Қыздар мінген байталды,
Жанай жүрші көкшолақ.
Жамандатқыр көкшолақ,
Арам қатқыр, көкшолақ,
Мені құртқан, көкшолақ.
 
2. Мінгенім астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ.
Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Тұсыңа келіп қалдым құдашалап.
 
3. Қызы едің сен бір байдың өтпей жүрген,
Келгенше жиырма беске кетпей жүрген.
Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Мен қойшы сендей қызға жетпей жүрген.
 
4. Мен өзім Алатаудың ителгісі,
Қойшының қызға жақын икемдісі.
Кедейсің деп кемітпе, байдың қызы,
Келіп отыр құрбыңның сүйкенгісі.