Ақбаян алыстағы сағындырған
арманыма жолында жаным құрбан
Айналдым жүрегіннің лүпілінен
Амалсыз мені өзіңе бағындырған
Көзіңде әсем нұр жайнап
Шашыңа жетші гүл байлап
Іңкәрліктің жолымен
Жүремін сені күнде ойлап
Ақбаян алаңдатты келмегенің
Аңсаған дидарыңды көрмегенім
Әлемде сұлулықты жалғыз десе
Әрқашан ойланбастан сен дер едім
Көзіңде әсем нұр жайнап
Шашыңа жетші гүл байлап
Іңкәрліктің жолымен
Жүремін сені күнде ойлап
Көзімді алмай жүрмін жолыңнан көп
Ұстайсын қашан қалқам қолымнан келіп
Өлеңді саған ғана арнап жазып
Өмірді сүйемін мен өзің бар деп
Көзіңде әсем нұр жайнап
Шашыңа жетші гүл байлап
Іңкәрліктің жолымен
Жүремін сені күнде ойлап