Қарай берем жол жаққа
Кім бар еді ол жақта
Күлкі де жоқ сен жоқта
Ұйқы да жоқ сен жоқта
Еске алсам жас кезімді
Ет жүрегім езілді
Қарап жүрді ата анам
Тапсыратын өзіңді
Абайлап жүрші, абайлап жүрші бауырым
Достын да танда, қастын да танда тәуірің
Қаным да бір ғой, жаным да бір ғой өтінем
Өзің де мендей қарайлап жүрші бауырым
Бітпесін тойын, бітпесін ойын сауығын
Алмашы тілеп өмірдің бір ақ ауырын
Аманатымсын әке мен анам қалдырған
Абайлап жүрші, абайлап жүрші бауырым
Асқан жансын беделі
Бар ма соның берері
Абай болшы бауырым
Батыр алаңнан келеді
Сен бар өмір мәнді екен
Бауырдай жан бар маекен
Бұл өмірде бәрі бар
Бауыр табылар ма екен
Абайлап жүрші, абайлап жүрші бауырым
Достын да танда, қастын да танда тәуірің
Қаным да бір ғой, жаным да бір ғой өтінем
Өзің де мендей қарайлап жүрші бауырым
Бітпесін тойын, бітпесін ойын сауығын
Алмашы тілеп өмірдің бір ақ ауырын
Аманатымсын әке мен анам қалдырған
Абайлап жүрші, абайлап жүрші бауырым