Жарқыраған күн нұрындай
Көздерің бар шамшырақ
Жаздың әсем жылуындай
Төгетіндей ән-шуақ
Аймалаған қылығыңды-ай
Жүректі сезім шымшылап
Қайырмасы:
Эх сұлу, қалдым сүйіп
Қиялға батып жұмбақтың
От болып жандым күйіп
Бір көріп қалып ұнаттым
Атыңыз кім? Танысайық оу
Бақытыма бөлегендей
Сағымдармен жарысайық
Жүрегіміз сөйлегендей
Жарасайық оу табысайық
Қыз Жібекпен Төлегендей
Қайырмасы:
Эх сұлу, қалдым сүйіп
Қиялға батып жұмбақтың
От болып жандым күйіп
Бір көріп қалып ұнаттым