Самал тобы
Текст

Гүлназым

Самал тобы

Оцените песню: Голос вверх 38 Голос вниз 1

97%
3%
Бақытты да емеспін,
Бақытсыз да емеспін.
Сені көріп адастым,
Ішінен көп елестің.
Саған ғана тек бұл ән,
Айтылады деп тұрам.
Көктем түспей қойды ғой,
Көңілімде көк тұман.
Қ/сы
Гүлназым, Гүлназым,
Гүлназым,
Сені сүйіп қалғаным ба
жазығым?
 
2
Көрмесем де қызғанам,
Сөйлесең де қызғанам.
Күннің түскен жүзіңе,
Сәулесінен қызғанам.
Сен де мені бір ұқшы,
Бар өкпені ұмытшы.
Мен деген де мұздаған,
Жүрегіңді жылытшы.
Қ/сы
Гүлназым, Гүлназым,
Гүлназым, наз гүлiм...
Сені сүйіп қалғаным ба
жазығым?
3
Бақытты да емеспін,
Бақытсыз да емеспін.
Сені көріп адастым,
Ішінен көп елестің.
Қалай сенсең ақталам,
Кінә артпашы көп маған.
Менен артық тапсаң да,
Сенен артық жоқ маған.
 
Қ/сы
Гүлназым, Гүлназым,
Гүлназым, наз гүлiм..
Сені сүйіп қалғаным ба
жазығым? -