Қан жүтіп жүрек таң күтіп жүдеп сенделдім
Өлеңде менің ашылмай әлі жүр бағым
Жоғалтып алып жоқтаймын алып сендерді
Қағазда түспей қаза боп кеткен жырларым
Ерте ме кеш пе сәулесін елге себер деп
Сөнбестен текке жүрегімдегі нұр жарып
Өлеңім саған ризамын егер сен ертең
Мұң басқан мына кеудемде тұрсаң бір жарып
Өлеңім саған ризамын егер сен ертең
Мұң басқан мына кеудемде тұрсаң бір жарып
Таңға ұрып таңды талдырып тәнді сенделем
Өйткені жырда ашылмай әлі жүр бағым
Тірлікте алар тынысым-нәрім сен дер ең
Өртенге біткен өскімдей нәзік жырларым
Ерте ме кеш пе сәулесін елге себер деп
Сөнбестен текке жүрегімдегі нұр жарып
Өлеңім саған ризамын егер сен ертең
Мұң басқан мына кеудемде тұрсаң бір жарып
Өлеңім саған ризамын егер сен ертең
Мұң басқан мына кеудемде тұрсаң бір жарып
Өкініштердің орнынан күнде көрем сыз
Жанды жеп ойлар ай нұрын жұтып жетілген
Өмірдің мына құныда жоқ-ау өлеңсіз
Өзімді сонда мәңгі өлмес жандай сезіп мен
Басқа да бақты өтермін саған тең көрмей
Малшынып нұрға алдымнан заңсап кезіккен
Болармын бәлкім дүниеге қайта келгенде