Роза Әлқожа
Текст

Жүрек сыры

Роза Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз

100%
0%
Шертілмеген сыр ма
Жазылмаған жыр ма?
Саған ғана айтам бір сыр
Жүрегімді тыңда
 
Тағдырымнан білерім де
Адамдармен алдар
Менің ғазиз жүрегімде
Өкініш, мұң, зар бар
 
Жанарымнан тамып жасым
Ән тұра ма боздамай
Жаным енді жолықпашы
Жан жарамды қозғамай
 
Атқан аппақ таңым
Сенсіз осы халім
Өлеңдетіп қоймайды екен
Өмір бұлай жаным
Ақ сәулелі түн алмасып
Сағындырған көңіл
Ақ қарамен күн арбасып
Сабылдырған өмір
 
Жанарымнан тамып жасым
Ән тұра ма боздамай
Жаным енді жолықпашы
Жан жарамды қозғамай
Жаным енді жолықпашы
Жан жарамды қозғамай
 
Басқа салды, көнем
Сенсіз нені көрем
Көзіңдегі жұмбақ жазу
Мен оқығам өлең
 
Кейін мойын бұрғызбастан
Өткен дүние бұлдырсын
Біз мұңдасқан жұлдызды аспан
Сыр сақтай ма, кім білсің
 
Жанарымнан тамып жасым
Ән тұра ма боздамай
Жаным енді жолықпашы
Жан жарамды қозғамай
Жаным енді жолықпашы
Жан жарамды қозғамай
 
Жаным енді жолықпашы
Жан жарамды қозғамай