Роза Әлқожа
Текст

Жаным

Роза Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 34 Голос вниз 3

92%
8%
Ақкөлге тамады айдың нұры,
Айдынға жұтылып қайғы-мұңы.
Жеткізбей, ай, бірақ, мұңаяды
Арманның сәйгүлігі.
 
Жанымның гүлін аялашы,
Жүректің нұрын аямашы.
Жалғанда, жаным, сүйген жарығым,
Жарығым, жаным.
Бағымда мәңгі саялашы,
Жанарды жасқа боямашы.
Өзіңсіз өмірімнің бәрі мұң,
Бәрі мұң, жаным.
 
Тұманда, тағдырдың таласында,
Жауап ең, сұрақ боп барасың ба?
Шыңымнан құлаттың енді өзің,
Самғата аласың ба?
 
Жанымның гүлін аялашы,
Жүректің нұрын аямашы.
Жалғанда, жаным, сүйген жарығым,
Жарығым, жаным.
Бағымда мәңгі саялашы,
Жанарды жасқа боямашы.
Өзіңсіз өмірімнің бәрі мұң,
Бәрі мұң, жаным