Роза Әлқожа
Текст

Туған жер

Роза Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 40 Голос вниз 4

91%
9%
Жол бастап алыстарға арман кемем
Өмірдің өзенінен жүзіп келем
Жүректің сағынышын туған жерге
Там шығып көкірегіме төзіп келем
 
Қайырмасы:
Туған жер - алтын бесік, тербетілген
Жасымнан жаныма ыстык жәннат мекен
Аққулар ұшып-қонған өзен-көлім
Сән берген бар ғаламға келбетімен
Аққулар ұшып-қонған өзен-көлім
Сән берген бар ғаламға келбетімен
 
Кіндігімнің қаны тамған жерім сенен
Жұлдызым көтерілген сол күн сенен
Бақытқа барар жолын ұрпағыңның
Қолдайтын тек өзіңсің, саған сенем
 
Қайырмасы:
Туған жер - алтын бесік, тербетілген
Жасымнан жаныма ыстык жәннат мекен
Аққулар ұшып-қонған өзен-көлім
Сән берген бар ғаламға келбетімен
Аққулар ұшып-қонған өзен-көлім
Сән берген бар ғаламға келбетімен
 
Киелі жасыл қырат күн ақтаған
Өзіңді ойға алмастан таң атпаған
Әйімнің інжу-маржан тастарынан
Бір уыс топырағың қымбат маған
 
Қайырмасы:
Туған жер - алтын бесік, тербетілген
Жасымнан жаныма ыстык жәннат мекен
Аққулар ұшып-қонған өзен-көлім
Сән берген бар ғаламға келбетімен
Аққулар ұшып-қонған өзен-көлім
Сән берген бар ғаламға келбетімен