Роза Әлқожа
Текст

Тойбастар әлеумет

Роза Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 159 Голос вниз 7

96%
4%
Армысың деп ағайын ата баба салты үшін
Амандасып алайын той шырқауым шалқысын
Той қазына алтынның қазақ деген халқы үшін
Той бастарым тартуым ән қанатым қалқысын
Ал қалаған ағайын әнім алды қырассын
Туыс бауыр маңайым құда жек жат сұрасын
Айда шашып арайын шат көнілдер гүл ашсын
Нұрға толып сарайын тойын тойға ұлассын
 
[Қайырмасы:]
Әлеумет ағайын шырқап әнге салайын
Әлеумет ағайын көңілінді табайын
 
Ана жүрек ғаламат қызды сыйлар ғұрпымыз
Іні тұрса ағалап таудай ана тұрғымыз
Көңіл тойса қанағат бұзылмасын шырқымыз
Өмір ой бұл аманат аман болсын жұртымыз
Ал қалаған ағайын әнім алды қырассын
Туыс бауыр маңайым құда жек жат сұрасын
Айда шашып арайын шат көнілдер гүл ашсын
Нұрға толып сарайын тойын тойға ұлассын
 
[Қайырмасы:]
Әлеумет ағайын шырқап әнге салайын
Әлеумет ағайын көңілінді табайын