Роза Әлқожа
Текст

Сағыныш белгісі

Роза Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Көмкеріп көк белді самолет қонды деп,
Қош дедің жанарың мөлдіреп
Арман құсым-ау, аманбысың?
Ұға алмаппын ғой бағаңды шын
 
Қонбадың бағыма,
Қоштасу - өмір заңы ма?
Қонбадың бағыма,
Қоштасу - өмір заңы ма?
 
Қайдасың, мекенің алыста қалды ма?
Жоқ әлде қанатың талды ма?
Арман құсым-ау, аманбысың?
Ұға алмаппын ғой бағаңды шын
 
Қонбадың бағыма,
Қоштасу - өмір заңы ма?
Қонбадың бағыма,
Қоштасу - өмір заңы ма?
 
Кел, құсым, cағындым өзіңді енді шын,
Алып ұш сағыныш белгісін
Арман құсым, аманбысың?
Ұға алмаппын ғой бағаңды шын
 
Қонбадың бағыма,
Қоштасу - өмір заңы ма?
Қонбадың бағыма,
Қоштасу - өмір заңы ма?