Сағым боп аққан сан жылдар
Сарсанға мен салдыңдар
Тағдырлас маған тағдырлар
Қай жаққа кетіп қалдыңдар
Жаныма жайғасыңдар
Жан сала шыңғырамын
О, Қайда? Қайдасыңдар?
Тағдырлас құрбыларым.
Сотқарғып мені есірген
Қолынан тізгін тартпадым
Сақалын орап өсірген
Қай жақта жүрсің қарттарым.
Сайрандап күнде келетің
Саялы баққа бара бар
Сан етін ойып беретің
Қай жақта жүрсің бауырлар.
Мендегі қызық тағдырлар
Көз жасын сүртіп қараған
Қай жақта жүрсің қай жақта
Бір анам емес мың анам