Роза Әлқожа
Текст

Менің мөлдір әлемімнің патшасы

Роза Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 18 Голос вниз 1

95%
5%
 
Бағбаны өзің, бір-ақ сәтте бақ тапсам.
Бақыттымын сен сүйсінер сәт тапсаң.
Шарасы өзің, сақтап тұрған жанарды.
Сен аман бол, Сен аман жүр Ақ патшам
 
[Қайырмасы]
Иілгенде иіріп тіл қатпашы
Тегіс болсың тағдырыңның тақтасы
Әр сөзіңе әміршімдей бас идім
Менің мөлдір әлемімнің патшасы
 
 
Жаным сенің шуағыңнан гүлдегем
Сенсіз өмір сүре алмаймын мүлде мен
Патшайымдай аялай біл шың сүйсең
Патша ғұмыр кеше алмайды күнменен
 
[Қайырмасы]
Иілгенде иіріп тіл қатпашы
Тегіс болсың тағдырыңның тақтасы
Әр сөзіңе әміршімдей бас идім
Менің мөлдір әлемімнің патшасы
 
 
Өмірімнің ең әуезді әнісін
Өзің барда ояу иман намысым
Жігіттердің ішіндегі төресі
Төрелердің ішіндегі ханысың
 
[Қайырмасы]
Иілгенде иіріп тіл қатпашы
Тегіс болсың тағдырыңның тақтасы
Әр сөзіңе әміршімдей бас идім
Менің мөлдір әлемімнің патшасы