Біз енді қайтер екенбіз?
Жақынбыз және бөтенбіз.
Алыстан келсең, алдыңнан
Су алып шығар бөтен қыз...
Қайырмасы:
Тоң алар, бәрі тоң алар...
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жоғалар бір күні, жоғалар,
Мен сыйға тартқан орамал.
Тағдырдың болды жазғаны,
Жар етіп алдым басқаны.
Өзің боп қалдың мәңгілік
Арманның биік асқары
Қайырмасы:
Тоң алар, бәрі тоң алар...
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жанымдай жүр ғой жылытып
Сен сиға тартқан орамал
Сен қайда қалып барасың?
Қарайған нүкте ғанасың.
Жанымды үнсіз жаралап,
Жарасын өзің таңасың.
Қайырмасы:
Тоң алар, бәрі тоң алар...
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жоғалар бір күні, жоғалар