Роза Әлқожа
Текст

Мақтааралым мақпал әнім

Роза Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 11 Голос вниз 1

92%
8%
Жасытқан емес ұланды нәубет,
Сұлулық заңын танитын гүлден
Қарттарын сыйлап құранды әулет,
Әрбір әжімнің тарихын білген
 
Құстары сайрап әлди бағында,
Салтанат кешін тойлап тынатын
Ақ тамақ ару таң дидарында,
Сиқырлы әуен ойнап тұратын
 
Мақтааралым-ай,
Жан тербер мақпал әнім-ай,
Ақ талабыма бақ қаладың-ай
Мақтааралым-ай,
Мақпал әнім-ай,
Хат-хабарыңа шаттанамын-ай
Мақтааралым-ай,
Мақпал әнім-ай,
Хат-хабарыңа шаттанамын-ай
 
Ақ алтын атын дәріптегелі,
Арттыра түскен қырманы бедел
Әріпке ұқсап әліппедегі,
Қырат-белдері тұлғалы келер
Алғысқа лайық бейнеті әр кез,
Диқаншы атам да пәк тілеулесім
Мүмкіндігіне ниеті сәйкес,
Мырзашөлдегі мәрттік өлмесін
 
Мақтааралым-ай,
Жан тербер мақпал әнім-ай,
Ақ талабыма бақ қаладың-ай
Мақтааралым-ай,
Мақпал әнім-ай,
Хат-хабарыңа шаттанамын-ай
Мақтааралым-ай,
Мақпал әнім-ай,
Хат-хабарыңа шаттанамын-ай
 
Мақтааралым-ай,
Жан тербер мақпал әнім-ай,
Ақ талабыма бақ қаладың-ай
Мақтааралым-ай,
Мақпал әнім-ай,
Хат-хабарыңа шаттанамын-ай
Мақтааралым-ай,
Мақпал әнім-ай,
Хат-хабарыңа шаттанамын-ай