Балдай тәтті қылығымен баураған күнім
Әкесінің жан-жүрегін жаулаған күнім
Анасының аялаған алақанында
Періштенің дәл өзінен аумаған гүлім
Дариядай шалқып ақсын ғұмырың сенің
Жанұяға шаттық сыйлап қылығың сенің
Қариялар бата берсін ізетті қыз деп
Құлыным менің, ей құлыным менің
Жел тербеген кекіліңнен айналдым күнім
Жібек кілем жолыңа кеп шайғанмын күнім
Сенің бота көздеріңнен өзімді көріп
Сенің әрбір қадамыңды тойлармын гүлім
Дариядай шалқып ақсын ғұмырың сенің
Жанұяға шаттық сыйлап қылығың сенің
Қариялар бата берсін ізетті қыз деп
Құлыным менің, ей құлыным менің
Арулардың ішіндегі дарасы болсаң
Сұлу Жібек, ақ Баяны, Сарасы болсаң
Мені ізгі үмітімнің ақталғаны ғой
Алты алаштың ай маңдалы анасы болсаң
Дариядай шалқып ақсын ғұмырың сенің
Жанұяға шаттық сыйлап қылығың сенің
Қариялар бата берсін ізетті қыз деп
Құлыным менің, ей құлыным менің