Өлең қылып несін оны тізбелейсің
Сағынып үн қатпайсың, іздемейсің
Шөлдегі аралдайсың, келем деп неге алдайсың
Сыңарым бола алмайсың, оралмайсың
Сезімді суытпағын
Аңсадым, құрып халім
Жаныма батты-ау менің
Ұмытқаның
Тағы да өте шықты-ау күз дегенің
Сен мені неге жаным іздемедің
Шөлдегі аралдайсың, келем деп неге алдайсың
Сыңарым бола алмайсың, оралмайсың
Сезімді суытпағын
Аңсадым, құрып халім
Жаныма батты-ау менің
Ұмытқаның
Ай өтті, жылдар өтті көрмегелі
Сөзіңе лебізіңе шөлдегелі
Шөлдегі аралдайсың, келем деп неге алдайсың
Сыңарым бола алмайсың, оралмайсың
Сезімді суытпағын
Аңсадым, құрып халім
Жаныма батты-ау менің
Ұмытқаның