Роза Әлқожа
Текст

Əйел-ғұмыр

Роза Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
Күн секілді күліп келген әлемге
Көздерінде сәулесі бар Ғаламның.
Құдіретті сыйлап Тәңір әйелге,
Тұнық етті тамшысындай жанардың.
 
Ғажайыпқа бөлеу үшін Жер бетін
Бәлкім, солай, өзгешелеу туылдық.
Түн қойнында тал бесікті тербетіп,
Таңсәріде таң шығына жуындық.
 
Үмітінің нәзік жібін үзбеген
Шын ынтызар бола алмайтын, сенбесе.
Әр күн сайын, тек жақсылық іздеген
Біздің ғұмыр ғажайып қой, Ендеше!
 
Біздің ғұмыр өзгешелеу, расында
Мейрім ғой- кеудеміздің дүрсілі.
Ана болсақ, айналамыз Асылға.
Бойымызда Жаратқанның тылсымы
 
Жүзімізде жаутаң қағып ізгі үміт
Бақытты етіп мынау ғазиз Жалғанды
Өшпесін деп жан-тәнімде Ізгілік
Біздер кейде тәрк етеміз Арманды
 
Солай, солай...
Біздер жұмбақ қауымбыз.
Күлкісімен көздің жасын жасырған
Бәлкім біздер Көктем сүйген Жауынбыз.
Сағынышы жазмышына бас ұрған