Ардақты әже, аяулы сен,
Арқалаушы ең жаяу жүрсем.
Ертегіңмен тәтті ұйықтап,
Еркелеп оянушы ем.Төбемдегі
Айды алғандай,
Дауыл келді қайдан қандай?
Еркелеткен кезің, әже,
Бұл күнде ертегіге,
Елеске айналғандай.
Қайырмасы:
Сенсіз, әже, қамығамын,
Жабырқап, жабығамын.
Жалғызсырап қалды жаным,
Жиылып жаныма мұң.
Сенсіз, әже, қамығамын,
Жабырқап, жабығамын.
Ақ жаулықты әже көрсем,
Мен сені сағынамын.
Аңсап айтқан әнім мұңды,
Сазды әуен сағым қуды.
Жәудіреген көзің, апа,
Мәңгілік сағындырды.
Мейірімді Алла, рақым етші,
Тілегімді қабыл етші!
Менің асыл ақ әжеме,
Аллаһым, ақыретте
Жәннатты нәсіп етші!
Қайырмасы:
Сенсіз, әже, қамығамын,
Жабырқап, жабығамын.
Жалғызсырап қалды жаным,
Жиылып жаныма мұң.
Сенсіз, әже, қамығамын,
Жабырқап, жабығамын.
Ақ жаулықты әже көрсем,
Мен сені сағынамын.